Меню KDT

Қауымдастық мүшелігіне енушілер үшін

Құжаттар тізімі

«Кредиттік серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын және «АӨК кредиттік серіктестіктері ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі – Қауымдастық) Жарғысының 5, 6-баптарын басшылыққа ала отыра, Қауымдастық құрамына ену үшін Сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;
2. кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесі (қолтаңбалары мен мөрі бар қатысушылар парағын тіркеумен);
3. Заңды тұлға Жарғысының көшірмесі;
4. Басшыны лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
5. Соңғы күнге салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама (түпнұсқа).

Өтінім үлгісі

Көшіріп алу     [DOC]

Мүшелік жарна жөніндегі ақпарат

КС меншікті капиталы, млн.теңгеЖылдық мүшелік жарна есебі, КС МК %Ең жоғары сома, теңге
20 дейін қоса0,6 %100 000
20 артық  50 дейін қоса0,5 %200 000
50 артық 100 дейін қоса0,4 %300 000
100 артық 200 дейін қоса0,3 %500 000
200 артық0,25 %800 000
КС жаңадан кіретіндер үшін кіру жарнасы 20 000