Меню KDT

Кредиттік одақтардың халықаралық жүйесі

Кредиттік одақтардың халықаралық жүйесі.

Бұл күннің мағынасы.
Кредиттік кооперация қозғалысы даму тарихындағы кейбір оқиғалар елеулі маңызға ие. Мысалы, XIX ғасырдың 40 жылдары Рочдейл ағылшын қаласының қызметкерлері мен тоқымашылары демократиялық негіздегі тұтыну кооперативін құруды шешті. 1852 және 1864 жж. Херман Шульц-Делич пен Фридрих Райффайзен Германиядағы алғашқы кооперативтердің негізін салған.  

Кредиттік одақтардың даму тарихындағы маңызды бұл кезең XIX басында Альфонс және Доримен Дежардэн әрекеттерімен жалғаса түсті, олар Левайс атты Квебек қаласында кредиттік одақты (caisse populaire) ұйымдастырды. Біршама уақыт өткен соң Альфонс Дежардэн американдық Эдвард А. Филен мен Рой Бергенгренге Америка Құрама Штаттарында бірінші кредиттік одақты ұйымдастыруға көмек берді.       

Біраз уақыттан соң бірте-бірте қоғам назарын осындай қаржы ұйымдарының бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың өміріне әсер етуіне аудару үшін және соңғы 150 жылда бірінші кредит одақтары мен олардың ұжымдарын құрған дарынды тұлғалар мен олардың жетістіктеріне тиісті баға беру үшін өзіндік жыл сайынғы себеп тудыру қажеттілігі пайда болды.

Бұдан басқа, бүгінгі күнге дейін жаңа кредит одақтарын құрудың, қолдағы ақша мен кредиттік кооперативтерді қолдау мен дамытудың негізін қалаушы көзқарасты ұстанып келе жатқан тұлғаларға бас ию қажет.    

Кредиттік одақтардың бірінші күні.
1927 жылғы 17 қаңтарда Америка Құрама Штаттарының Массачусетс Кредиттік одақтарының лигасы кредиттік одақтар үлескерлері мен қызметкерлерінің алғашқы ресми мерекесін атап өтті. 17 қаңтар кездейсоқ таңдалмады. Бұл күні «Америка дамуының апостолы» Бенджамин Франклин (1706-1790) дүниеге келді.  

Америка кредиттік одақтары қозғалысының алғашқы қос қарлығашы Франклиннің өмірлік жолы «кредиттік одақтардың болмысы мен мақсаттарына сай келетін өмір мен ілімді» білдіреді деп кәміл сенген. Байқауымызша, кредиттік одақтар қозғалысының біршама дамуына қарамастан, солтүстік америкашылар бұның мәніне үңілмеді не болмаса бұл оқиғаларға баса назар салмады. Сөйтіп, көп ұзамай Кредиттік одақтардың күнін тойлау тәжірибесінен қол үзілді.

Қайта оралу.
1948 жылы АҚШ Кредиттік одақтарының ұлттық қауымдастығы (CUNA) кредиттік одақтардың жыл сайынғы Ұлттық күнін тойлау тәжірибесін жандандыру шешімін қабылдады. CUNA және Кредиттік одақтар ұлттық қауымдастығының өзара сақтандыру қоғамы қазан айының үшінші бейсенбісін Кредиттік одақтардың күні деп белгіледі. Ол уақытта Америка кредиттік одақтарының басым көп көшбасшылары одақтың кооперативтік тарихы мен жетістіктерін көрсету, сондай-ақ жаппай ел бойынша кредиттік одақ идеясын насихаттауға жәрдемдесу үшін кредиттік кооперация қозғалысына қатысы бар барлық азаматтардың басын қосатын себептің болу қажеттілігін түсіне бастады.

Кредиттік одақтардың халықаралық күнін тойлауға әр түрлі деңгейдегі қызығушылықты кредиттік одақтар, кредиттік одақтардың ұлттық бірлестіктері және АҚШ-тың әр штатындағы кредиттік одақтардың көптеген өзге ресми емес бөлімшелері танытты. Бұл – қозғалыс қажеттіліктері мен кредиттік одақтардың қозғалысы ісінің дамуына өз өмірін арнаған барлық азаматтарға құрмет көрсетуге арналған шығындардың өскен шағы.

Барлық әлемге бет бұру.
XIX ғасырдың 50 жылдары АҚШ Кредиттік одақтары ұлттық қауымдастығының (CUNA) Халықаралық даму бөлімі дүниежүзіндегі кредиттік одақтардың дамуына техникалық қолдау мен философиялық басшылықты қамтамасыз етті. 1964 жылы кредиттік одақтардың қозғалысы көптеген елдерге таралып, CUNA миссиясы барлық басқа елдерге жайыла түсті. Осылайша, CUNA Халықаралық бөлімі құрылды.

Жылдан жылға жаңа мемлекеттер өз кредиттік одақтарымен бірге кредиттік одақтардың дүниежізілік отбасы құрамына еніп, өзінің бірегейлігі мен ауызбіршілігін көрсетуге қызығушылық танытқан адамдар қатарын арттыра түсуде. Көбісі өзіндік бір мәнге толы мерекені тойлау идеясын алға тартады. Ортақ мейрам олардың әрқайсысына діни және саяси көзқарасына, мәдени және тіл ерекшеліктеріне қарамастан, жағымды әсер қалдыратын сәттер сыйлайды. Тамырын тереңге жайған кредиттік одақтар мен олардың бірлестіктерінің отбасы осы Күнді әлемнің барлық елдеріне мойындату үшін жарияланымдар, баннерлер, ұрандар мен кәдесыйлар таратуға кірісіп кетті. Осылайша, Кредиттік одақтардың Халықаралық күні туралы түсінік қалыптаса бастады.    

1971 жылға қарай әлемдегі кредиттік одақтар қозғалысының дамуы айқын және аса маңызға ие болғаны соншалықты, оған қарап кредиттік кооперативтер қозғалысының әлемдік деңгейде дамуының төртінші буыны – Кредиттік одақтардың дүниежүзілік кеңесін (WOCCU) құру туралы шешім қабылданды. Бұл ұйым қажеттілік туындауына орай кез келген жерде кредиттік одақтар қозғалысының өміршеңдігін ұйымдастыру мен басқаруға қолғабыс көрсететін болады. Кредиттік одақтарды дамыту үшін кредиттік одақтардың ұлттық және өңірлік федерациялары мен конфедерациялары Канада мен Австралияда, Латын Америкасы мен Кариб аралдарында, Африка мен Азияда, Жаңа Зеландия мен Ұлыбританияда, Тынық мұхит аймағында құрылды. Осы жылы аталмыш үдеріске атсалысу мақсатында WOCCU Кредиттік одақтардың Халықаралық күнін тойлау үшін алғаш рет материалдар дайындап, бүкіл әлемге таратты.   

Бұл күн қай жерде және қалай тойланады.
Кредиттік одақтар қозғалысына тартылған адамдар санының артуына орай осы Күнді тойлау жайлы ұсыныстар сан түрлі ой орамдарымен толыға түсті. Бүгінгі таңда Кредиттік одақтар дүниежүзілік кеңесінің мүшелері кредиттік одақтардың Халықаралық күнін осындай кооперативтерде ашық есік күндерін, көкке шығу, жәрмеңке, фестивальдер мен шерулер өткізу арқылы атап өтеді. Кредиттік одақтардың лигалары мен олардың бөлімшелері спорттық жарыстарды жиі өткізеді. Жоғары шенді тұлғаларға жолығу сынды қоғамдық кездесулер – осындай оқиғаға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғам өкілдерінің назарын аударту ісіндегі тиімді құрал болып танылған. Телевидение мен радиостанциялар сұхбат алып, кредиттік одақтар туралы арнайы бағдарламалар дайындап, эфирге шығару үстінде. Газет пен журналдар беттерінде арнайы мақалалар мен оларды толықтыратын жарнама басылуда. Балалар мен жастарға арналған жарыстар ұйымдастырылып, шығарма жазу байқаулары өтуде. Осы күні банкеттер өтіп, түскі ас беріледі, жоғары шенді шенеуніктер кредиттік одақтар қозғалысының бұрынғы, қазіргі және болашақ көшбасшылары құрметіне сөз сөйлейді.   

Іс-шаралар барысында кредиттік одақтардың мүшелері бүкіл әлемдегі кооперативтік қозғалыстың дамуына барынша үлес қосқандарды еске алып, Директорлар кеңесі мен қатардағы қызметкерлердің кредиттік одақтар игілігі үшін жасаған жұмысына баға береді, сондай-ақ отандық және шетелдік кредиттік одақтар мүшелерін назардан тыс қалдырмайды. Кредиттік одақтардың Халықаралық күнін атап өту – бұл кредиттік одақтар қозғалысына аса құрмет көрсету саналады. Бұл халықаралық қауымдастықтың экономикалық және әлеуметтік салаларға кредиттік кооперативтердің оң әсер етуін мойындағанын білдірсе керек. Бұл кредиттік кооперативтердің табыс не болмаса қайырымдылық үшін емес, өзара қаржылық көмек көрсету үшін құрылғандығын еске сала кетеді.