Меню KDT

Еспшілер клубы

Кредиттік серіктестіктердің бухгалтерлер клубы (бұдан әрі «Клуб») кредиттік кооперациялар саласында жұмыс жасайтын кәсіби бухгалтерлердің ерікті бірлестігі ретінде Кредиттік серіктестіктердің қауымдастығы жанында бухгалтерлік есеп, салық салу саласында өзекті мәселелер бойынша тәжірибе, пікір алмасу үшін кредиттік серіктестіктердің мамандарын біріктіру мақсатында құрылды.

Осы мақсаттарды басшылыққа алып, Клуб келесі міндеттерді шешеді:
- КС бухгалтерлік есебін, қаржылық есептілігін және салық салуды қалыптастыру мен жетілдіру қызметін үйлестіру;
- бухгалтерлік есеп, салық салу саласында КС мамандарының кәсіби даярлығы мен біліктілігін арттыруға қолғабыс көрсету;
- кредиттік кооперация саласында жұмыс жасайтын бухгалтерлер арасында іскерлік қатынастарды нығайту;
- Клуб мүшелерінің кәсіби салалар мүдделерін, сондай-ақ оларды қызықтыратын өзге мәселелерді қамтитын жан-жақты сұрақтар бойынша Клуб мүшелері арасында, сондай-ақ өзге мүдделі тұлғалармен еркін пікір мен ақпарат алмасу және қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
- бухгалтерлерді кәсіби даярлау мен қайта даярлауға жәрдемдесу;
- КС бухгалтерлік есебі, салық салу саласындағы ғылыми-тәжірибелік зерттеулердің дамуына ықпалдасу;
- бухгалтерлік стандарттарды, нормативтерді әзірлеуге, талдауға қатысу;
- әдістемелік материалдарды құруға қатысу және бухгалтерлік есеп пен КС-тегі салық салу нормативтерінің өзгерістеріне қатысты ақпаратты тарату;
- КС-тегі бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және салық салу нормативтік базасын талдау және жүйелеу;
- КС-тегі бухгалтерлік есепті, қаржылық есептілік пен салық салуды реттеуге бағытталған заң жобалары мен өзге нормативтік актілерді әзірлеуге атсалысу;
- кредиттік кооперация саласында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің өзекті мәселелерін талқылауға арналған кездесулерді, семинарларды және өзге іс-шараларды ұйымдастыру.