Меню KDT

Қауымдастыққа мүше болу және Қауымдастық қызметтері

АӨК кредиттік серіктестіктерінің қауымдастығына мүшелікке өту қаншалықты қажет?

Кредиттік серіктестіктер қауымдастығының мүшесі болу өте тиімді, өйткені Қауымдастыққа мүше болу күшті біріктіру және ортақ әрекет жасау жолымен кредиттік серіктестіктерге олардың қызметіне тосқауыл қоятын мәселелерді шешу, сондай-ақ тұтастай кредиттік серіктестіктерді дамыту үшін қолайлы ортаны қалыптастыру үшін зор мүмкіндіктер тудырады.  

Сондай-ақ Қауымдастыққа мүшелік кредит одақтарына Қауымдастық қызметтеріне:
- қолжетімділікті ұсынады,
- Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды;
- қабылданған халықаралық нормаларға жауап беретін операциялық және қаржылық қызметтің жалпы параметрлерін енгізуге ықпалдасуды;
- маркетингтік зерттеулерді іске асыруды; кредиттік серіктестіктердің қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді, кредиттік серіктестіктердің қызметін және мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының шешімдерін зерттеуді;
- кредиттік серіктестіктер қызметкерлерінің және сайлау органдары мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыруды;
- кредиттік серіктестіктер үшін олардың қызметіне тиімді қаржы құралдарын енгізу жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеуді;
- кредиттік серіктестіктердің институционалдық дамуы бойынша жобаларды әзірлеу мен енгізуді және жаңа қаржы өнімдерін енгізуді;
- кредиттік серіктестіктер дамуының жалпы мәселелерін талқылау және олардың шешімдерін әзірлеу үшін конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді және т.б. ұйымдастыруды;
- кредиттік серіктестіктерге жедел, ғылыми-әдістемелік ақпаратты әзірлеу мен қамтамасыз етуді;
- тұрғындардың Қауымдастықтың жеке мүшелерінің, тұтастай кредиттік серіктестіктердің қызметі туралы ақпараттылығын арттыру бойынша кешенді шараларды қамтиды, бірақ осымен шектелмейді.

Сондай-ақ:

Жалпы кредиттік серіктестіктердің жүйесі Қауымдастық ілгері бастап, бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттайтын, Үкімет, Ұлттық банк және өзге мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар алдында сенімді және тұрақты қаржы ұйымы мәртебесін алады.