Кредиттік серіктестіктер туралы
- Главная
- Что такое КТ
- ПРЕИМУЩЕСТВА КРЕДИТНЫХ ТОВАРИЩЕСТВ
«Кредиттік серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, кредиттік серіктестік – өз қатысушылары үшін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы коммерциялық ұйым.
Кредиттік серіктестік (өзге елдерде кредиттік кооперацияның басқа нысандары – кредиттік одақтар, кредиттік кооперативтер кездеседі) өзара кредиттеу үшін жеке және заңды тұлғалардың қаражатын біріктіретін кооперативтік қаржы ұйымын білдіреді. Бұл ретте бұл қызметтер тек өз қатысушыларына көрсетіледі.
Кредиттік серіктестіктердің негізгі міндеті – қаржы қызметтерін тұрғындар үшін қолжетімді ету. Кредиттік серіктестіктер экономикалық делдалдың рөлін атқара отыра, өз қатысушыларын оқыту және қаржылық сауаттылығын көтеру бағытында белсенді жұмыс жасайды, оларды кредиттерді үнемді және тиімді пайдалануға машықтандырады.
Кредиттік серіктестік – банктер сынды капиталдардың бірлестігін емес, адамдардың бірлестігін білдіретін қаржы кооперативі. Банктердің қызметін клиенттер ғана пайдаланады, ал олардың саны шектеулі. Банктерге қарағанда, кредиттік серіктестіктер өз қызметін белгілі бір тұлғалар тобымен шектейді, яғни кредиттік серіктестіктің қызметін тек қана оның қатысушылары ғана пайдалана алады.
Банктің меншігі белгілі бір тұлғалар (акционерлер) санының қолында шоғырланған, бұл бірнеше ірі меншік иелерінің бақылауына ғана жол береді. Кредиттік серіктестіктің меншік иелері – оның барлық қатысушылары болып табылады, олар Жарғылық капиталға енгізген жарна мөлшеріне тәуелсіз кредиттік серіктестіктің қызметін басқару және бақылау барысында тең құқықтарға ие.
Көп жағдайда банк қызметінің мақсаты – табыс алу болып табылады. Ал кредиттік серіктестіктің қызметі, бірінші кезекте, тартымды қаржы қызметтерін ұсыну арқылы оның мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Сондықтан кредиттік серіктестік үшін табысқа қол жеткізу – негізгі мақсат болып табылмайды. Кредиттік серіктестіктер өз қызметінің нәтижесінде алған пайданы өз қатысушыларына дивидендтер түрінде, сондай-ақ қызметтердің сапасы мен түрлерін жақсарту жолымен немесе ұсынылатын кредит ресурстарының құнын азайту арқылы қайтарады.
Кредиттік серіктестіктердің қызметі қолжетімді қаржы қызметтерін ұсыну арқылы мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Банкте бақылау, дауыс беру құқығы акционерлік капиталдағы иелену үлесіне сүйене отыра анықталады, бұл бірнеше ірі акционердің бақылауына жол береді. Банк саясатын акционерлер айқындайды.
Негізінен кредиттік одақта қатысушылар Жарғылық капиталға енгізген жарна мөлшеріне тәуелсіз бірдей құқыққа ие, (бір қатысушы – бір дауыс).
Кредиттік серіктестіктің саясатын қатысушалардың өздері айқындайды (таңдау органдары арқылы). Әр қатысушы кредиттік серіктестіктің ортақтасы болып табылады.
Кредиттік серіктестіктің құрамына кіруге ниет білдірген және одақтың жарғылық қорына үлестік (мүшелік) жарна енгізген кез келген заңды немесе жеке тұлға кредиттік серіктестіктің қатысушысы бола алады. Кредиттік серіктестік қатысушыларының саны үштен кем бола алмайды.
- Кредиттік серіктестіктің мүшелері:
кредиттік серіктестік қызметін пайдалануға;
кредиттік серіктестік істерін басқаруға қатысуға;
кредиттік серіктестік органдарын сайлауға және сайлануға;
Заңға және серіктестіктің құрылтай құжаттарына сәйкес кредиттік серіктестік қызметінен пайда алуға;
Заңмен және кредиттік серіктестіктің жарғысымен көзделген тәртіпте кредиттік серіктестікке қатысуды тоқтатуға;
кредиттік серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және серіктестік жарғысымен көзделген тәртіпте оның бухгалтерлік және өзге құжаттамасымен танысуға
құқылы.