Меню KDT

Заңгерлер клубы

Кредиттік серіктестіктердің заңгерлер клубы (бұдан әрі «Клуб») кредиттік кооперациялар саласында жұмыс жасайтын кәсіби заңгерлердің ерікті бірлестігі ретінде Кредиттік серіктестіктердің қауымдастығы жанында Клуб мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру, кредиттік серіктестіктерде құқықтық мәселелердің сапасын арттыру, кредиттік кооперация саласында қабылданатын нормативтік актілер мен заңдардың құқықтық сараптамасын жасау, сондай-ақ ортақ қызмет негізінде кредиттік серіктестіктер мен олардың қатысушыларының ортақ мүдделерін қорғау мақсатында құрылды.
Клуб қызметінің мақсаты – кредиттік кооперация заңгерлерінің корпоративтік ынтымақтасуы, кооперативтік қоғамдағы олардың рөлінің артуына қолғабыс ету, кредиттік кооперацияның құқықтық жүйесін дамыту мүддесіндегі заңгерлердің кәсіби әлеуетін біріктіру болып табылады.
Клуб:
   

Кредиттік кооперация саласында жұмыс жасайтын заңгерлер арасында іскерлік қатынасты нығайту; Кредиттік серіктестіктер заңгерлерінің іскерлік белсенділігін арттыру; 

Тәжірибені жинақтау, тәжірибемен алмасу, кәсіби деңгейді арттыру және т.б.;

Клуб мүшелерінің кәсіби салалар мүдделерін, сондай-ақ оларды қызықтыратын өзге мәселелерді қамтитын жан-жақты сұрақтар бойынша Клуб мүшелері арасында, сондай-ақ өзге мүдделі тұлғалармен еркін пікір мен ақпарат алмасу және қарым-қатынасты қамтамасыз ету;  

Кредиттік кооперация саласында заңнаманың өзекті мәселелерін талқылауға арналған кездесулерді, конференцияларды, семинарларды өткізу;

Заң шығарушылық қызметке және заң жобаларының сараптамасына қатысу;

Қызметін жаңа бастаушы және жас заңгерлерге кәсіби өсуді қамтамасыз ететін жағдай жасау мүмкіндігін береді.

Клубқа мүше болу ерікті болып табылады.Клуб мүшелері заң білімі бар немесе заң факультетінде білім алатын, кредиттік кооперация саласында кәсіби тұрғыда заң қызметімен айналысатын жеке тұлғалар болуы мүмкін.