Құжаттар тізімі
«Кредиттік серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын және «АӨК кредиттік серіктестіктері ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі – Қауымдастық) Жарғысының 5, 6-баптарын басшылыққа ала отыра, Қауымдастық құрамына ену үшін Сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;
2. кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесі (қолтаңбалары мен мөрі бар қатысушылар парағын тіркеумен);
3. Заңды тұлға Жарғысының көшірмесі;
4. Басшыны лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
5. Соңғы күнге салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама (түпнұсқа).
Өтінім үлгісі
Көшіріп алу [DOC]
КС меншікті капиталы, млн.теңге | Жылдық мүшелік жарна есебі, КС МК % | Ең жоғары сома, теңге |
---|---|---|
20 дейін қоса | 0,6 % | 100 000 |
20 артық 50 дейін қоса | 0,5 % | 200 000 |
50 артық 100 дейін қоса | 0,4 % | 300 000 |
100 артық 200 дейін қоса | 0,3 % | 500 000 |
200 артық | 0,25 % | 800 000 |
КС жаңадан кіретіндер үшін кіру жарнасы | 20 000 |