Меню KDT

Все новости

Тоқтасын Қасымов, Жамбыл облысы Талас ауданы Қызыләуіт ауылының фермері

03.12
0
Менің атым Тоқтасын Қасымов. Мен Жамбыл облысы Талас ауданы Қызыләуіт ауылында тұрамын. Жасым 68-де. 2017 жылы асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу үшін «Дихан» НС мүшесі ретінде кірдім. Несие серіктестігінен төмен пайыздық мөлшерлемемен алған несие қаражатының арқасында Германиядан 63 бас асыл тұқымды симментал тұқымды ірі қара малын әкелдім. Қосымша жұмыс орындарын құрып, жұмыссыз жүрген бір от басын жұмыспен қамтыдым.
Ауыл шаруашылығынсыз өмір сүрмейміз деп ешкім дауламайды деп ойлаймын! Нан, сүт, ет және басқа да табиғи өнімдерді тек ауыл шаруашылығы қызметкерлері өндіреді. Дегенмен, малды күту және алған несиені төлеу мен үшін оңай нәрсе емес. Әкелген малымыз ауырып, дәрі-дәрмек алуға қиындықтар болады. Қазақта осындай сөз бар “жерсінбейді”, басқа елден әкелген мал болғандықтан, шөпке, жергілікті ауа райына, жерге дұрыс үйренбейді. Мал шаруашылығы 10 жылда ғана пайда әкеледі. Қанша қиындық көрсеміз де, еңбегіміз асыл!
Барша еңбеккерлер мен жаңадан бастаған шаруаларға зор денсаулық, алға қойған жоспарларының орындалуын тілеймін! Сіздің күш-жігеріңіз әрқашан жоғары нәтижелерге толы болсын! НС қызметкерлеріне адал және мейірімді қарым-қатынасы үшін алғыс айтқым келеді.

Перейти на сайт с новостью

Назад к списку новостей


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь